4 июня 2024 г.
13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы
29-31 сәуір аралығында Назарбаев Университетінің Кітапханасы ИФЛА Кітапхана қауымдастығы басқармасымен бірлесе отырып, ҚРҒЖБ министрлігі мен ҚР Жоғары оқу орындарының кітапханалар қауымдастығы қолдауымен кітапхана және ақпарат мамандарына “Байланыс, ынтымақтастық және құрастыру: мамандығымыздың болашағын қамтамасыз ету үшін кітапханалық бірлестіктермен серіктестіктерді дамыту“ атты 13-ші Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясын (EALC 2024) ұйымдастырды. Академиялық кітапханашылардың ой, білім және тәжірибе алмасатын, кәсіби тақырыптарды талқылауға және бір-біріне қолдау көрсетуге арналған форум алаңы болған конференция жұмысына біздің ғылыми кітапхананың ақпараттық-анықтамалық бөлім меңгерушісі – А.Байдилдаева, ақпараттық қызметтер және сервистік қолдау бөлімінің меңгерушісі – Қ.Қамбарова қатысып, өз кәсіби шеберліктерін шыңдап, сертификаттарға ие болды.

