Негізгі мазмұнға өту
Logo

Жұмыс кестесі

Дс-Жм: 08:30 – 18:00

Сб: 09:00 – 14:00

Барлық жаңалықтар

17 қыркүйек 2024 ж.

Ғылыми кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы

Ғылыми кітапхана 2024 жылдың 09-13 қыркүйек аралығында 1 курс студенттеріне арнайы кітапхананың ақпараттық ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын үйрету мақсатында ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығын өткізді. Студенттерге университет кітапханасында өзіне-өзі қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларын дамыту, дәстүрлі және электрондық кітапханамен, оның құрылымымен, анықтамалық-іздеу аппаратымен, құжаттарды іздеу жүйесімен танысу туралы ақпарат презентация түрінде ұсынылды.

Ғылыми кітапхана мамандары қатысушыларға цифрлық ресурстардың ішінен ақпаратты іздеу, сақтау дағдысы бойынша толық мағлұмат берді. Апталыққа белгіленген кесте бойынша университеттің барлық факультеттері мен институтының 154 тобынан 3800 –ден астам бірінші курс студенттері қатысты. Ақпараттық-библиографиялық сабақтар апталығы жоғары деңгейде өтіп, кітапхана қызметкерлеріне де, студенттерге да жағымды әсер қалдырды.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Ғылыми кітапхана

Біз білімге, инновациялық білім беруге, ғылым мен прогреске жол ашамыз.

Байланыстар

050012 Алматы қ., Төле би көшесі, 86-үй, №5 оқу корпусы, 2-қабат

Тел./факс: 8(727) 261-22-43

тел.: 272-81-97

272-52-58

87025277887

e-mail: info.libkaznpu@mail.ru

Ndi_26@mail.ru

aizh1573@mail.ru

Жылдам сілтемелер

Қала картасындағы кітапхана филиалдары

© 2026 Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кітапханасы. Барлық құқықтар қорғалған.